Астанадағы үш баланың өмірін қиған өрт: құтқарушыларға кедергі келтірген көлік жүргізушісі жазаланды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Астанадағы өрт шыққан "Көркем-3" тұрғын үй кешенінің ауласына кіреберісті көлігімен жауып тастаған жүргізуші жазаланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған өрттен кейін тұраққа дұрыс қойылмаған автокөлік оқиға орнынан дереу алып тасталған
Жүргізушісі анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"Азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін және төтенше жағдайлар қызметінің жұмысына кедергі келтіретін бұзушылықтар қатаң жазаланады", - деп атап өтті ПД өкілдері.
Естеріңізге сала кетейік, 12 сәуірде Астананың Есіл ауданындағы 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерден өрт шықты. Салдарынан бір әйелді күйік шалған. Сондай-ақ пәтерден үш баланың денесі табылған.
Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі өрт кезінде кәмелетке толмағандардың денелері табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Ал Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері пәтердің металл есікпен жабылғанын, екі құлып орнатылғанын, оны құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен бұзып ашқанын айтты.
ТЖД қызметкерлері жоғарғы қабаттардан 20 адамды эвакуациялады, тағы 40-қа жуық адам ғимараттан өз бетімен шықты. Өрт толық сөндірілді.
Ал Астана қаласының Денсаулық сақтау департаменті Астанадағы 21 қабатты тұрғын үй кешеніндегі өрттен зардап шеккен әйелдің жағдайы әлі де ауыр екенін мәлім етті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2365069-astanadagy-ush-balanyng-omirin-qigan-ort-qutqarushylarga-kedergi-keltirgen-kolik-zhurgizushisi-zhazalandy/