jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    БАҚ: Сұлтан Сәрсемалиев үш кісіні қасақана, біреуін "абайсызда" өлтіргенін мойындады

    Сұлтан Сәрсемалиев сот отырысында
    Сұлтан Сәрсемалиев сот отырысында. Фото: azh.kz

    Атырау облысындағы сотта бір отбасы мүшелерінің өліміне қатысты резонансты істі қарау жалғасып жатыр. Айыпталушы Сұлтан Сәрсемалиев кінәсін ішінара мойындады, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Басылымның жазуынша, жауап алу кезінде айыпталушы Сұлтан Сәрсемалиев кінәсін ішінара мойындаған. Ол Наурыз Мұқанғалиевті қасақана өлтірген деген айыппен келіспейтінін айтып, оның өлімі "абайсызда" болғанын, өзін қорғау үшін әрекет еткенін жеткізген.

    Ал басқа эпизодтар бойынша айыпталушы басқа мәлімдеме жасаған. Сәрсемалиев Мақсот Қарабаллинге тоғыз рет, Өтешқалиеваға сегіз рет, ал Мейрамгүл Қарабалинаға 32 рет пышақ сұққанын және бұл әрекеттерін қасақана жасағанын мойындаған.

    Сондай-ақ ол ұрлық, алаяқтық және құжаттарды заңсыз алу баптары бойынша кінәсін мойындаған. Оның айтуынша, бұл әрекеттерді қылмыстың ізін жасыру үшін жасаған.

    "Осылайша, 13 баптың ішінде Сәрсемалиев тек Наурыз Мұқанғалиевтің өліміне қатысты қасақана емес, "абайсызда" болғанын ғана мойындап отыр", - деп жазады басылым.

    Естеріңізге сала кетейік, биыл қаңтардың басында Атырау облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен бір отбасының – ерлі-зайыпты мен олардың ересек балалары іздестіріліп жатқаны белгілі болды.

    Облыстық ПД жариялаған бағдарға сәйкес, Мақсот Қарабалинге, Нәсіп Өтешқалиеваға және Мирамгүл Қарабалина мен Наурыз Мұқанғалиевқа іздеу жарияланған.

    6 қаңтарда Атырау облыстық ПД ерлі-зайыпты өлі табылғанын, олардың ұл мен қызы әлі іздестіріліп жатқанын мәлімдеді.

    Кейінірек Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында күдікті Сұлтан Сәрсемалиевке (қаза тапқан ерлі-зайыптының күйеу баласы) қатысты бағдар жарияланды. Сондай-ақ күдіктік мен оның әйеліне халықаралық іздеу жарияланды.

    Бұдан бөлек, полиция жоғалған отбасыға қатысты іс бойынша жаңа деректерді бөлісіп, марқұм зейнеткерлердің денесінде пышақ іздері бар екенін мәлім етті.

    Кейінірек марқұмдардың ұлы мен қызының да денелері табылды.

    Жақында бұл қылмыстық іс бойынша сот процесі басталды.

    БАҚ: Сұлтан Сәрсемалиев үш кісіні қасақана, біреуін "абайсызда" өлтіргенін мойындады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.