jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Нұрай Серікбайдың отбасы 10 млрд теңге көлемінде өтемақы талап етті

    Нұрай Серікбай
    Нұрай Серікбай. Фото: Instagram / serikbay_sultan

    Қаза болған Нұрай Серікбайдың отбасы сотталушыдан материалдық әрі моральдық зиян келтіргені үшін 10 миллиард теңгеден астам өтемақы төлеуді талап етті, деп хабарлайды Kazinform-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Шымкенттегі қылмыстық іс бойынша жәбірленуші тарап азаматтық талап арыз түсірді.

    Адвокат Аянхан Омаровтың айтуынша, бойжеткеннің қазасынан кейін отбасы материалдық шығынға ұшыраған (жерлеу рәсімі, ескерткіш орнату, заңгерлік көмек көрсету және т.б.).

    Материалдық шығынның жалпы сомасы — 14 миллион 739 мың 65 теңге.

    Сондай-ақ моральдық зиянды өтеу туралы талап қойылды. Адвокат ешбір ақша Нұрайды қайтарып бере алмайтынын, алайда заңнамада мұндай төлем қарастырылғанын атап өтті.

    "Қылмыстың ауырлығын, оның орны толмас зардаптарын, жәбірленушілердің өмір бойғы рухани азабын және әділдік қағидатын ескере отырып, біз моральдық зиянның өтемі ретінде 10 миллиард теңге өндіріп алуды сұраймыз", - деді Аянхан Омаров.

    Нұрай Серікбайдың өлімі

    Естеріңізге сала кетейік, 11 қаңтарда кешке Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үйдің маңынан жас қыздың мәйіті табылған еді. Марқұмның денесінде пышақ жарақаттары болған.

    13 қаңтарда күдіктінің Шымкенттен 10 шақырым жерде ұсталғаны белгілі болды.

    Сонымен қатар полиция оның сот санкциясымен қамауға алынғанын мәлім етті.

    Қоғамда резонанс тудырған оқиғадан кейін Шымкент ПД бастығы Нұрлан Алмасбеков, оның бірінші орынбасары және бірқатар қызметкер қызметінен босатылды.

    Биыл сәуірде күдіктінің мәжбүрлі емдеуге жіберілгені хабарланды.

    Кейін сенат кулуарында ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойныша сараптама қорытындысы шыққанын мәлімдеді. Қорытынды нәтижесіне сай, оның ақыл-есі дұрыс екені анықталған.

    Мамырда күдікті Талғардағы медициналық орталықтан Шымкентке қайта ауыстырылды.

    Бір ай бұрын бұл іс бойынша тергеу аяқталғаны мәлім болды. Сондай-ақ алғашқы сот отырысы өтетін күн жарияланып, іс қарала бастады.

    Нұрай Серікбайдың отбасы 10 млрд теңге көлемінде өтемақы талап етті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.