Алматыда оқушылардың жаппай улануынан кейін қылмыстық іс козғалды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматы қалалық полиция департаменті РФМШ-ның 48 оқушысы ауруханаға түскен оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінде қылмыстық іс қозғалды", - делінген Алматы ПД-ның Instagram-дағы аккаунтында жарияланған хабарламада.
Полиция қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан тергеу әрекеттері, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің тексеру қорытындысы негізінде оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тиісті процестік шешім қабылданатынын мәлім етті.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің ондаған оқушысы жедел ішек инфекциясы белгілерімен ауруханаға түскені туралы жазған едік. Бұдан кейін мектепте тексерулер басталды.
Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы кейінгі мәліметтер бойынша 48 оқушының ауруханаға жатқызылғанын, сондай-ақ тағы 6 баланың интернатта оқшауланып, медициналық бақылауда екенін нақтылады.
Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі бұл жағдайдан кейін қандай шаралар қабылданғанын мәлімдеді.
Оқу орнының өзі оқушылардың уақытша қашықтан оқыту форматына ауыстырылғанын хабарлады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2442548-almatyda-oqushylardyng-zhappai-ulanuynan-keiin-qylmystyq-is-kozgaldy/