jitsu gif
Оқыс оқиға

    Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккен тағы екі адам қайтыс болды

    Жаңаөзендегі газ жарылысы болған жер
    Жаңаөзендегі газ жарылысы болған жер. Оқиға орнынан фото: t.me/qr_tjm

    Жаңаөзендегі екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйде болған жарылыстан тағы екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ведомствоның мәліметінше, оқыс оқиғадан кейін Ақтаудағы облыстық ауруханаға 46 және 51 жастағы екі ер адам ауыр жағдайда жеткізілген. Алайда олардың өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

    "Өкінішке қарай, дәрігерлер оларды ажалдан аман алып қала алмады. Қайтыс болған жандардың жағдайы өте ауыр болды. Біз туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз", - дейді обыслық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

    Еске сала кетсек, 17 сәуір күні Жаңаөзен қаласындағы екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйде жарылыс болып, салдарынан төрт адам қаза тауып, зардап шеккен тағы алты адам ауруханаға жатқызылған еді.

    Кейін Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті ала болжам бойынша ауаға газ тарап, жарылыс содан болуы мүмкін екенін мәлім етті.

    Сонымен қатар бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.