Абай облысындағы орман өртін сөндіруге әскери өрт сөндірушілер жіберілді (видео)
Опубликовано:

Абай облысындағы орман өртін сөндіру 3 учаскеде жалғасып жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram арнасында хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, бүгін Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің өкіміне сәйкес таңғы сағат 4-те өрт орнына Қарағанды мен Алматы облыстарынан ТЖМ 52859 және 28237 әскери бөлімдерінің әскери қызметкерлері жіберілді.
Қазіргі уақытта 3 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.
"Сонымен қатар арнайы байланыс құралдарымен жарақтандырылған жылжымалы басқару пункті қосымша жіберілді, басқару органы төтенше жағдай аймағында өз функцияларын жүзеге асыратын болады", -деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетсек, 8 маусымда Абай облысындағы Батпаев орман шаруашылығының аумағында алдын ала болжам бойынша 0,3 гектар аумақта ағаштар жанған болатын.
Кейін Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндіру жұмыстары алты учаскеде жүріп жатқанын, өрттің ауданы шамамен 60 мың гектарды құрайтынын хабарлады.
9 маусым күні сағат 16:00-дегі жағдай бойынша өртті сөндіруге жеке құрамнан 662 адам мен 177 техника, сондай-ақ 6 тікұшақ жұмылдырылған. Авиациялық техникамен өртті сөндіру үшін 80 рет жалпы көлемі 192 тонна су шашылған.
Айта кетейік, тілсіз жаудан 3 орманшы қаза тапты, тағы 11 орманшымен байланыс үзілген.
Өңірдегі алапат өртке байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға сапары кейінге қалдырылған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2024196-abai-oblysyndagy-orman-ortin-sondiru-3-ucaskede-zalgasuda/