jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    ЖТ
    Жұлдыз Тілебалды
    Бұрынғы қызметкер

    Түнде Алматыдағы Тастақ ауданында өрт шықты (фото)

    Алматыдағы Тастақ ауданындағы өрт
    Алматыдағы өрт. Фото: zakon.kz

    Бүгін түнде Алматыдағы Брусиловский көшесінде орналасқан құрылыс дүкені өртенді. Оқиға орнына дер кезінде келген өрт сөндірушілер жалынның одан әрі таралуына жол бермеді, деп хабарлайды қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметі.

    ТЖД мәліметінше, өрт түнгі сағат 02.29 шамасында Брусиловский көшесінде орналасқан жеке үйдің аумағынан шыққан. Анықталғандай, жеке үйдің ауласында орналасқан құрылыс дүкені өртенген.

    "Өрт 290 шаршы метр аумақты қамтып, үйдің шатырына тарады. Өрт сағат 03:51-де толығымен жойылды", - дейді ТЖД өкілдері.

    Сондай-ақ өрт сөндіру кезінде өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы қолынан жарақат алып, дәрігерлердің қарауынан кейін кейін үйіне жіберілген.

    ТЖД қазіргі уақытта өрт сөндірушінің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрмағынын атап өтті.

    Өрт болған жер
    Өрт болған жер. Фото: Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі

    Өрт сөндірушілер оқиға орнында
    Өрт сөндірушілер оқиға орнында. Фото: Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі

    Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айының басында Алматыдағы аудандардың бірінде монша кешені аумағынан өрт шыққан еді.

    Түнде Алматыдағы Тастақ ауданында өрт шықты (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.