jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда хостел өртенді: қала әкімдігі мәлімет берді

    Оқиға орны
    Өрт болған жер. Фото: KAZ.NUR.KZ / Ардақ Құлтай

    Бүгін Алматыда Әди Шәріпов көшесіндегі хостел өртеніп, 13 адам қаза болған еді. Оқиға орнына 59 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

    "Сағат 08:40-тағы жағдай бойынша өрт орнынан 59 адам эвакуацияланды, оның үшеуі Жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.

    Қазір 56 адам жақын маңдағы мектеп ғимаратына уақытша орналастырылды. Ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп, қажетті медициналық және психологиялық көмек толық көлемде көрсетіледі", - делінген хабарламада.

    Ведомство мәліметінше, бір сағаттың ішінде адамдарды аудандағы қонақүйлерге орналастыру қамтамасыз етіледі.

    Айта кетейік, 30 қарашада сағат 05:33-те Алматы қаласы Ади Шәріпов көшесіндегі жатақханадан өрт шығып, салдарынан 13 адам қаза болды.

    Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 2 адамның Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілгенін мәлімдеген еді.

    Алматыда хостел өртенді: қала әкімдігі мәлімет берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.