jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда жер сілкінісінен зақым келген ғимараттар кімнің қаржысына жөнделеді

    Көпқабатты үй
    Тұрғын үй. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Алматыдағы 5 балдық жер сілкінісінен кейін 70 көпқабатты үйдің қабырғасында жарықшақтар пайда болған. Қала әкімдігі ғимараттарды кім жөндейтінін айтты, деп хабарлайды КТК телеарнасының сайты.

    Жалпы 188 тұрғыннан баспанасының зақымданғаны жөнінде хабар түскен. Шенеуніктер ол ғимарттарға еш қауіп төніп тұрмағанын айтты.

    "Ол жерде кәдімгі жарықтар, оны кезекті жөндеу кезінде қалпына келтіруге болады. Назарыңызды аударғым келетін жалғыз нәрсе — біріншіден, кондоминиум нысаны болып саналатын барлық жеке көпқабатты тұрғын үй кешені өз қаражатымен жөнделуге тиіс.

    Қалған әлеуметтік нысандар белгіленген тәртіппен мемлекет есебінен жөнделеді", - деді Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин.

    Қала әкімдігінің өкілі қазір арнайы жұмыс тобы бұл нысандарды жан-жақты сараптамадан өткізіп жатқанын, апатты жағдайдағы немесе жөндеу жұмыстарын қажет ететін ақпарат жақын арада жарияланатынын атап өтті.

    Телеарна тілшісінің мәлімдеуінше, 23 қаңтардағы жер сілкінісіне негізінен жаңа тұрғын үйлер шыдас бермеген.

    Бір ай бұрын ғана ескі жер үйін жаңа пәтерге айырбастаған Тәліп Кәрібаев әлі күнге дейін үреймен таң атырып жүргенін айтады. Баспанасы 5 балдық жер сілкінісінен кейін зақымданған. Арнайы комиссияның инспекторлары бесінші және алтыншы қабаттарда көлемі 5 миллиметрге дейінгі жарықшақты тіркеген.

    Дереккөз: КТК

    Еске сала кетейік, 23 қаңтарға қараған түні Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу және Қарағанды облыстарында жер сілкінісі сезілді.

    Жерасты дүмпулері әсіресе Алматы тұрғындарына қатты сезілді. ТЖД ақпаратынша, Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелген. Алматының кей аудандарының тұрғындары жер сілкінісі кем дегенде 5 минутқа созылғанын жеткізді.

    Содан бері Қазақстанда 2,5 мыңға жуық афтершок тіркелген. Тұрғындар оның тек 12-сін сезген.

    Алматыда жер сілкінісінен зақым келген ғимараттар кімнің қаржысына жөнделеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.