jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматы әкімдігі жер сілкінісінің салдары туралы айтты

    Алматы
    Алматы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Алматы әкімдігі жер сілкінісінің салдары туралы айтты. Олар ғимараттардың бүлінгенін атап өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Жер сілкінісінен кейін ғимараттар зақымданғаны байқалады. Негізінен аспалы төбелер, сылақ, кафель және қасбетті әрлеу сияқты әрлеу материалдарының элементтері бүлінген.

    Бұл бұзылыстар жүк көтергіш құрылымдардың бұзылуын көрсетпейді, өйткені әрлеу материалдарының тұрақтылығы бекіту сапасы және материалдың өзі сияқты бірқатар фактіге байланысты", - деп пікір білдірді Алматы қаласы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының өкілдері.

    Қазіргі таңда аудан әкімдіктері жанынан кешенді тексеру жүргізу үшін уәкілетті органдардың құрамымен жұмыс топтары құрылды.

    Жер сілкінісінен кейін елеулі залал анықталған жағдайда, нысандардың тізімдерін сараптама ұйымдары кейіннен сейсмикалық төзімділікке зерттеулер жүргізу үшін Алматы қаласының қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасына жібереді.

    Естеріңізге сала кетейік, Алматыда магнитудасы бес балдық қатты жер сілкінісі болды.

    ТЖД жер сілкінісі болған жағдайда қалай әрекет ету керектігін айтып берді.

    Жер асты дүмпуінен кейін әуежайдың қалай жұмыс істейтінін де жазған болатынбыз.

    Сонымен қатар сейсмолог Дәулет Сәрсенбаев алдын ала мәлімет бойынша, сағат 16.00-ге дейін халық қабылдау пункттерінде болу керек екенін айтты.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.