jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Ақтөбеде шырт ұйқыда жатқан отбасының үйін су басты (видео)

    су басқан үйдің ауласы
    Су басқан үйдің ауласы. Фото: тұрғынның жеке мұрағатынан

    Ақтөбеде шырт ұйқыда жатқан отбасы түнде үйіне еріген қар суы кіргенде шошып оянған. Тұрғын үш баласымен үйінде су кешіп жүр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Ақтөбе қаласы Жаңа Қарғалы ауданындағы бау-бақша аумағында тұратын отбасы көмектің уақытында жетпегеніне қапалы.

    "Бүгін түнде сағат 2:00 шамасында күйеуім "суға кеттік" деп оятты. Тұрсам аяғымның асты су. Бірден балаларды көрші үйге апардық. Күйеуім сорғы тауып әкеліп, суды сорды. Бірақ су қайта толып қалып жатыр. Қазір ғана үйге адамдар келіп, су соруға кірісті. Неге көшенің суын сорып жүр, ал біздің үйіміз суда қалды. Біз оның себебін де білеміз. Ақжар ауылында жаңа жол салып, су сонда жиналды. Біз қапқа құм толтырып, бөгедік. Оны біреу түнде ашып жіберген. Үш балам бар, оларды қайда жіберемін? Біз мұнда 2008 жылдан бері тұрамыз. Бізде жер үйдің құжаты бар, саяжай емес. Әкімдіктен адам келіп, көмек қашан болатынын айтпай кетті. Біз қалай өмір сүреміз, қайда барамыз?", - деді қала тұрғыны Татьяна Чубарь.

    Свежая публикация по теме:
    Мұрат Боранбаев қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

    Ақтөбе қаласы Алматы ауданы әкімдігі өкілдерінің хабарлауынша, аумақта су сору, құм төгу жұмыстары жүргізілді. 7 техника жұмылдырылған. Кейбір үйлердің әжетханасындағы су көтеріліп кеткен.

    "Таңертең әкімдіктен адам барып, видеоға түсірді, акт жасады. Отбасы шығынды өтеу туралы сұрады. Оны комиссия шешеді. Расымен де Ақжар тұрғын алабындағы жолда екі құбыр бар. Сол өткелді құм толы қапшықпен бекітіп едік, соны жарып жіберген сияқты. Су лап етіп, үйге кіріп кеткен. Жалпы Алматы ауданы бойынша тағы екі үйдің кіреберісіне су кірді. Әжетханасындағы су көтеріліп кетті", - дейді Ақтөбе қаласы Алматы ауданының әкімі Асланбек Шүйіншалиев.

    Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Ақжар-2 бағытынан Жаңа Қарғалыға келетін дала суынан қорғау үшін бөгет салынған. Белгісіз біреулер өткен түнде бөгетті ашып жіберген. Қазіргі уақытта үйіне су кірген отбасыға үйі кепкенге дейін уақытша пункте бара тұру ұсынылды.

    Автор: Ардақ Ерубаева

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.