Ақтаудағы ұшақ апаты: Қазақстанның тағы екі қаласында шырша жағу рәсімі кейінге шегерілді
Опубликовано:

Ақтауда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін Жезқазған мен Сәтбаев қалаларыынң әкімдігі шырша жағу рәсімі кейінге шегерілгенін хабарлады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Жезқазған әкімдігінің Instagram-дағы парақшасында хабарлауынша, бүгін қаланың бас шыршасын жағу рәсімі өтпейді.
"Ақтау қаласында орын алған әуе апатына байланысты бүгінген жоспарланған Жезқазған қаласының бас шыршасын жағу рәсімі кейінге шегерілді. Рәсімнің өтетін уақыты қосымша хабарланатын болады", - делінген хабарда.
Сонымен қатар Сәтпаев әкімдігі де Instagram-дағы парақшасында 26 желтоқсанға жоспарланған шырша жағу рәсімі өтпейтінін, рәсімнің өтетін уақыты қосымша хабарланатынын жазды.
Еске салайық, Ақтауда ұшақ апатына байланысты жаңажылдық шырша жағу шарасы өтпейтінін жазған едік.
- Ақтаудағы ұшақ апаты: қазақстандықтар қан тапсырып, Әзербайжан елшілігіне гүл шоқтарын қойды (фото, видео)
- Үкімет басшысы Тоқаевқа Ақтауда болған ұшақ апатына байланысты есеп берді
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2204936-aqtaudagy-ushaq-apaty-qazaqstannyng-tagy-eki-qalasynda-shyrsha-zhagu-rasimi-keiinge-shegerildi/