jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Таразда ағаш цехы өртке оранды (видео)

    Өрт сөндірушілер ағаш цехындағы өртті сөндіріп жатыр
    Оқиға орны. Фото: instagram.com/112jambyl_tjd

    Тараздағы ағаш цехтарының бірінде 100 шаршы метр аумақта өрт шықты. Өрт сөндірілді, қазір мамандар оқыс оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бұл жөнінде Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Тараз қаласындағы Чехов көшесі бойындағы ағаш цехының бірінде 100 шаршы метр алаңда өрт шыққан.

    "Өрт сөндірушілер өртті сөндіріп әрі қарай таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

    Төтеншеліктер тұрғындарды өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

    Айта кетейік, 5 қаңтарға қараған түнде Шымкентте ірі өрт болып, құрылыс материалдары сақталған қойма өртенді. Оқыс жағдайдан зардап шеккендер жоқ.

    Ал Таразда жақында қолданысқа берілмеген үш қабатты жаңа мектеп өртенді. ТЖМ күштері 80 шаршы метр алаңда өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Мамандар өртке электр сымдарының қысқаша тұйықталуы себеп болуы мүмкін екенін айтты.

    Таразда ағаш цехы өртке оранды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.