Оқыс оқиға

Зектілері

Түркиядағы 70-тен астам адамның өмірін жалмаған өрт: қонақүй қожайыны сотта мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Түркиядағы өрт
Түркиядағы өрт. Фото: trthaber.com

Түркияның Болу провинциясындағы өртеніп, салдарынан 70-тен астам адамның өмірін жалмаған Grand Kartal қонақүйінің қожайыны болған жайтқа қатысты сотта мәлімдеме жасады. Ол кінә қонақүй қызметкерлерінде деп санайды. Бұл туралы РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қонақүй қожайыны бұл қайғылы жайтқа бас аспазды, электрші мен күзетшілерді кінәлады.

"Болудағы трагедиядан соң қамауға алынған қонақүй қожайыны Халит Эргюль бүкіл жауапкершілікті ұжым пен кеңесшілердің мойнына артты. Өз арызында Эргюль бас аспаз, асүй ұжымын, отель электршісін және кеңесшілерді айыптады", - деп жазады Karar газеті.

Қонақүй қожайыны сотта бас аспаз асүйдегі асүй құрылғыларына жауап беретінін, ал өрт дабылдары батырмаларына электрші жауап беретінін мәлімдеді.

Өртке қатысты сот тергеуі әлі жалғасып жатыр. Қазіргі таңда 15 адам қамауға алынған.

Естеріңізге сала кетсек, 21 қаңтарда түнде Түркияның Карталкая тау шаңғысы курортында орналасқан Grand Kartal қонақүйінен өрт шығып, салдарынан 60-тан аса адамның қаза тауып, тағы 51 адамның зардап шеккені хабарланған еді. Кейін қаза тапқандар саны 76-ға жетті.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің өкілдері алдын ала мәлімет бойынша қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін хабарлады.

Қайғылы жағдайға байланысты 22 қаңтар Түркияда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Болу провинциясында орналасқан Карталкая тау шаңғысы орталығында болған өрт салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізген.

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған жұбайымен бірге Болу провинциясында орналасқан Карталкая тау шаңғысы орталығында болған өрт салдарынан қаза тапқандардың жаназасына қатысты. Бір отбасының 8 адамын бірдей жерлеу рәсімінде Ердоған көз жасын жасыра алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2215217-turkiiadagy-70-ten-astam-adamnyng-omirin-zhalmagan-ort-qonaqui-qozhaiyny-sotta-malimdeme-zhasady/