jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Петропавлда төтенше жағдайдан бес адам зардап шекті

    Оқиға орны
    Оқиға орнынан фото: СҚО ПД

    Петропавлда төтенше жағдайдан апаттық бригаданың бес жұмысшысы зардап шекті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ СҚО ПД-ға сілтеме жасап.

    Полицияның мәліметінше, оқыс оқиға 19 ақпан күні кешкісін Петропавлдағы Жуков көшесіндегі үйдің ауласында болған.

    Алдын ала мәлімет бойынша кәріз коллекторының ескі құбырын бөлшектеу кезінде газ-ауа қоспасы жарылған. Салдарынан апаттық бригаданың бес жұмысшысы зардап шеккен.

    "Полиция еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады", - деп қосты ПД өкілдері.

    кәріз құдығы
    Оқиға орнынан фото: СҚО ПД

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысы Созақ ауданында жеке тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, салдарынан алты адам ауруханаға түскен еді. Оларды термиялық күйік шалған.

    Сондай-ақ Ұлытау облысындағы шахтадағы апаттан жеті адам қаза болды. "Қазақмыс" шахтада алдын ала мәліметтер бойынша, "Қазақмыс" корпорациясының кеніштері үшін тән емес табиғи газдың жарылысы болғанын мәлім етті. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

    Петропавлда төтенше жағдайдан бес адам зардап шекті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.