jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Щучинсктегі кафеде болған жарылыс: зардап шеккен 4 адам жансақтау бөлімінде жатыр

    Аурухана
    Аурухана. Иллюстрациялық фото: David Sacks/The Image Bank/Getty Images

    Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы Щучинсктегі кафеде болған жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды өңір әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермектің айтуынша, 26 ақпанда сағат 22:01-де Щучинск қаласындағы Бурабай аудандық ауруханасына "Центр плова" кафесінен газ-ауа қоспасының жарылысы туралы шақырту түскен.

    Зардап шеккендерді эвакуациялауды ТЖМ қызметкерлерімен бірлесіп жедел жәрдемнің 4 бригадасы жүргізген.

    Оқиға орнында 5 адам қаза тапқан, тағы 2 адам ауруханаға жеткізілген кезде көз жұмған.

    Қазіргі уақытта Бурабай аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жағдайы ауыр және аса ауыр хәлдегі 4 пациент жатыр, 3 пациент травматология бөлімінде, 8 адам амбулаториялық ем қабылдауда. 6 пациент Көкшетау қаласындағы көпсалалы облыстық ауруханаға эвакуацияланған.

    Естеріңізге сала кетейік, кеше түнде Щучинск қаласында бір қабатты кафеде жарылыс болып, өрт шықты. Бастапқыда оқиға салдарынан шамамен 20 адам зардап шегіп, 6 адамның қаза тапқаны хабарланды. Кейінірек қаза тапқандар саны 7 адамға дейін өскені белгілі болды. Қаза тапқандардың бірі кәмелет жасына толмаған.

    Ақмола обылыстық ТЖД жариялаған кейінгі мәліметтерге сәйкес оқиға салдарынан 10 адам құтқарылған. 28 адам зардап шеккен, олардың 13-і ауруханаға жатқызылған. Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Өңір әкімдігінің мәліметінше, қаза тапқандардың отбасыларына 2 млн теңге, зардап шеккендерге 1 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетіледі.

    Щучинсктегі кафеде болған жарылыс: зардап шеккен 4 адам жансақтау бөлімінде жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.