Щучинсктегі кафеде болған жарылыс: қаза тапқандар саны 9 адамға дейін артты
Опубликовано:
Читать на русском
Щучинск қаласындағы "Центр плова" кафесінде болған жарылыс пен өрт салдарынан қаза тапқандар саны 9 адамға дейін артты. Бұл туралы Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, Щучинсктегі жарылыс салдарынан 28 адам зардап шеккен, оқиға болған күні 7 адам қайтыс болған. 5 адам оқиға орнында, 2 адам ауруханада көз жұмған.
Зардап шеккен бес адам санитарлық авиациямен Астанаға жеткізілген.
2 наурыздағы жағдай бойынша "Авиценна-Бурабай" ауруханасында төрт пациент, Ақмола облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде тағы төрт пациент қалған.
"Аймақ дәрігерлері әрбір пациенттің өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр.
Алайда қабылданған барлық шараға қарамастан, Щучинсктегі стационарда жатқан ауыр халдегі екі пациенттің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
Осылайша, Щучинсктегі қайғылы оқиға салдарынан құрбан болғандар саны 9 адамға жетті.
Естеріңізге сала кетейік, 26 ақпанда түнде Щучинск қаласындағы кафеде жарылыс болып, өрт шықты. Бастапқыда оқиға салдарынан шамамен 20 адам зардап шегіп, 6 адамның қаза тапқаны хабарланды. Кейінірек қаза тапқандар саны 7 адамға дейін өскені белгілі болды. Қаза тапқандардың бірі кәмелет жасына толмаған.
Бүгін ТЖ салдарынан қайтыс болғандар саны 8 адамға жеткені, сондай-ақ кафе иесі ұсталғаны белгілі болды.
Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2349760-shuchinsktegi-kafede-bolgan-zharylys-qaza-tapqandar-sany-9-adamga-deiin-artty/