jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Щучинсктегі кафеде болған жарылыс: ауруханада жатқан бір адам көз жұмды

    жарылыс
    Жарылыс болған кафе. Видеодан кадр: instagram.com/shchuchinsk.city

    Щучинск қаласындағы "Центр плова" кафесіндегі жарылыс пен өрттен қаза тапқандар саны сегізге жетті. Бурабай ауданының әкімдігі бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Зардап шеккен ер адам Бурабай аудандық көпсалалы ауданаралық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқан.

    "Иә, өкінішке қарай, ер адам кеше қайтыс болды", - деді Бурабай ауданының әкімдігінің өкілі.

    Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Щучинск қаласындағы кафеде жарылыс болып, өрт шықты. Бастапқыда оқиға салдарынан шамамен 20 адам зардап шегіп, 6 адамның қаза тапқаны хабарланды. Кейінірек қаза тапқандар саны 7 адамға дейін өскені белгілі болды. Қаза тапқандардың бірі кәмелет жасына толмаған.

    Ақмола обылыстық ТЖД жариялаған кейінгі мәліметтерге сәйкес оқиға салдарынан 10 адам құтқарылған. 28 адам зардап шеккен, олардың 13-і ауруханаға жатқызылған. Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Сондай-ақ жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды.

    Өңір әкімдігі қаза тапқандардың отбасыларына 2 млн теңге, зардап шеккендерге 1 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

    Щучинсктегі кафеде болған жарылыс: ауруханада жатқан бір адам көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.