Өскемендегі зауытта болған жарылыс: зардап шеккендер туралы не белгілі
Жарияланған күні:
Читать на русском
Өскемендегі "Қазцинк" ЖШС зауытындағы жарылыс пен өрт салдарынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды. Төтенше жағдай кезінде бес адам ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды YK-news.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Облыстық мамандандырылған медициналық орталықтың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Мұрат Нұрбикеновтің айтуынша, бүгін таңғы сағат 8:30-да жедел жәрдем қызметкерлерінен қоңырау түскен. Олар зардап шеккен бірнеше адамды әкеле жатқанын хабарлаған.
"Біз дереу бригада жасақтадық. Сағат 8:45-те зардар шеккендер түсе бастады. Барлығы бес адам: төрт ер кісі және бір әйел. Үш адамның денесінде көгерген жерлер болды, олар үйлеріне жіберілді. Екі адам ауруханаға жатқызылды.
1980 жылы туған ер адам өте ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Денесінің 90 пайыздан астамын күйік шалған, оның ішінде тыныс алу жолдары, көздің қасаң қабығы бар", - деді дәрігер.
Оның мәліметінше, 1974 жылы туған тағы бір ер адам бел омыртқасынан жарақат алған.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең Өскемендегі "Қазцинк" ЖШС зауытының аумағында төтенше жағдай болды.
"Қазцинк" ЖШС өкілдері алдын ала мәлімет бойынша түтін сорғышты тазалау жұмыстары кезінде жарылыс болып, артынша өрт шығып, құрылымдар ішінара опырылғанын хабарлады.
Кейін ТЖМ өрт толық сөндірілгенін мәлімдеді.
ТЖ салдарынан екі адам қаза тауып, бес адам зардап шекті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2373333-oskemendegi-zauytta-bolgan-zharylys-zardap-shekkender-turaly-ne-belgili/