jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Семей орманы" орман табиғи резерватындағы өрт екі тәуліктен соң толық оқшауланды (фото)

    Абай облысындағы орман өрті
    Абай облысындағы орман өрті. Кадр видеодан: t.me/qr_tjm

    ТЖТ Абай облысы "Семей" орманы табиғи резервуатындағы өрт толықтай сөндірілгенін хабарлады. Екі тәулік бойы жүздеген құтқарушы мен техника жұмылдырылған табиғи апатпен күресті, деп хабарлайды ведомствоның ресми Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Абай облысы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты Бородулиха филиалының Камышенка орманшылығының орман алқабының жануы оқшауланды", - делінген хабарламада.

    Орман өртін сөндіріп жүрген өрт сөндіруші
    Орман өртін сөндіріп жүрген өрт сөндіруші. Фото: t.me/qr_tjm

    Еске салсақ, 16 шілдеде сағат 09:45-те "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты Бородулиха филиалының Қамышен орманшылығының 57-орамында орман өрті тіркелді.

    Орман өртін сөндіріп жүрген өрт сөндіруші
    Орман өртін сөндіріп жүрген өрт сөндіруші. Фото: t.me/qr_tjm

    Сол күні премьер-министр Олжас Бектенов төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа "Семей орманы" аумағында орман өртін сөндіру жұмыстарын үйлестіру мақсатында Абай облысына шұғыл баруды тапсырды.

    Орман өртін сөндіріп жүрген өрт сөндіруші
    Орман өртін сөндіріп жүрген өрт сөндіруші. Фото: t.me/qr_tjm

    Жақын маңдағы елді мекендерді қорғау және өрттің одан әрі таралуының алдын алу шараларын күшейту тапсырылды.

    Орман өртін сөндіріп жүрген өрт сөндіруші
    Орман өртін сөндіріп жүрген өрт сөндіруші. Фото: t.me/qr_tjm

    "2026 жыл 16 шілде сағат 16:00-дегі жағдай бойынша өрт сөндіруге 400-ден астам адам және 100-ге жуық техника жұмылдырылды. Көлемі 100 тоннадан асатын су себілді", - делінген хабарламада.

    Ал 16 шілдедегі кешкі сағат 20:00-дегі жағдай бойынша өртті жүздеген адам сөндіріп жатқаны белгілі болған. Осылайша, "Семей орман" табиғи резервуатындағы өртті құтқарушылар 2 тәулік бойы сөндірді.

    "Семей орманы" орман табиғи резерватындағы өрт екі тәуліктен соң толық оқшауланды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.