Экс-депутат Базарбек жол апатынан зардап шеккен адамның туыстарымен бірге түскен видеосын жариялады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Бұрынғы мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек жақында болған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен ер адамның туыстарымен бірге мәлімдеме жасады. Ол видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Зардап шеккен адамның туысының айтуынша, 36 жастағы Нұржігіт емін алуда. Ал Бақытжан Базарбек отбасының жанында, қажетті көмекті көрсетіп жатыр.
"Қазір бауырымның жағдайы қанағаттанарлық. Оған көмектесіп жатқан медицина қызметкерлеріне шексіз алғыс айтамыз. Құрметті халайық, бауырым үшін дұға етіңіздер", - деді әйел.
Экс-депутат емдеу шаралары Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен жүргізіліп жатқанын айтты.
"Дәрігерлер, сарапшылар келіп, Нұржігіт бауырымызға көмегін беріп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінде консилиум да жүріп жатыр. Жағдайында оң динамика бар. Нұржігіттің жары, туыстарының жанындамын. Алып-қашпа әңгімелерді тарапайық. Кейде түнеген кездеріміз де болды осы жерде. Барлығымыз Нұржігіттің аяққа тұрып, отбасына оралуы үшін дұға етудеміз", - деді Бақытжан Базарбек.
Сонымен қатар ол ер адамның жағдайы тұрақталғаннан кейін оны одан әрі тексеруден өткізуге және емдеуге, оның ішінде Астана мен Алматы қалаларында көмектесуге уәде берді.
Еске сала кетейік, 2026 жылы 15 тамызда Жамбыл облысында 36 жастағы жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Желіде көлікті экс-депутат Бақытжан Базарбек тізгіндеген болуы мүмкін деген ақпарат тарады. Полиция бұл ақпаратқа қатысты түсінік беріп, апат фактісін растады. Алайда көлік тізгінінде кім болғанын нақтылаған жоқ. Зардап шеккен азамат ауруханаға түсті. Полиция қылмыстық іс қозғады.
Кейін экс-депутат жол апатына ұшырағанын растап, асығыс қорытынды жасамауға және тек ресми ақпарат пен тергеу нәтижелеріне сенуге шақырды.
17 тамызда Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы мәжілістің бұрынғы депутаты Бақытжан Базарбек ұшыраған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен адамның жағдайы туралы мәлімет берді. Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
