jitsu gif branding logo appbranding logo app
Эзотерика

    Елімізде алдағы күндері тоғыз градусқа дейін аяз күтіледі

    Күз
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    "Қазгидромет" РМК синоптиктері 23-25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды.

    Синоптиктер болжамына сәйкес, салқын Атлантикалық антициклон шығысқа қарай баяу жылжып, Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына ықпал ететін болады.

    Сондай-ақ, аталмыш антициклон солтүстік және шығыс өңірлердегі жылы ауа температурасын сақтап тұрған циклонды республикадан тыс жерлерге ығыстыра бастайды. Нәтижесінде ауа райы жауын-шашынсыз болғанымен, сынап бағанасы айтарлықтай төмендейді.

    Түнде еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында 1-9 градусқа дейін аяз болуы мүмкін. Тек еліміздің батысында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, жел күшейеді.

    Еске салсақ, бұған дейін "Қазгидромет" РМК өкілдері қыркүйек айына арналған ауа райы болжамын ұсынған еді.

    Одан бөлек, танымал астролог Элеонора Гинзбург қай зодиак белгілерін қыркүйек айында табыс күтіп тұрғанын болжап берген болатын.

    Сондай-ақ, отандық стилист Зарина Аубекерова күзде, әсіресе қыркүйек айында сәнді саналатын киім үлгілерін атап берді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.