Жаңа уақыт белдеуі халық денсаулығына кері әсерін тигізді ме: министр жауабы
Жарияланған күні:
Үкімет отырысы аясында өткен брифингте денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова уақыт белдеуін ауыстырудың қазақстандықтардың денсаулығына әсері туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Министрдің сөзінше, бірыңғай уақыт белдеуіне көшу қазақстандықтардың денсаулығына кері әсері тиді деп айтуға себеп жоқ.
"Уақыт белдеуі мәселесі бірнеше жылдан бері талқыланды. Еліміздегі ғылыми орталықтар осы зерттеуге қатысты. Физиология зерттеу институты, Астрофизика институты. Сондықтан бұл шешім ғылыми деректерге сүйене отырып жасалған деп айтуға болады. Екіншіден, уақыт белдеуі өзгергеннен кейін ауруханаларға немесе емханаларға түсіп жатқан науқастардың саны артқан жоқ. Біз мұндай құбылысты байқап отырған жоқпыз.
Сондықтан денсаулыққа кері әсерін тигізген жоқ деп айтуға толықтай негіз бар. Шығыс Қазақстан облысындағы азаматтарымыз осы мәселені көтеріп отыр. Ол күннің ерте шығуы, батуы сияқты себеппен байланысты. Бұл жерде денсаулыққа байланысты себеп көріп тұрған жоқпын", - деді министр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2115579-zhanga-uaqyt-beldeui-halyq-densaulygyna-keri-aserin-tigizdi-me-ministr-zhauaby/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.