Өткен тәулікте елімізде тағы 689 адамнан коронавирус анықталды
Опубликовано:
Қазақстанда 30 қарашада COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 689 адам тіркелген. Бүгінде ел бойынша коронавируспен ауырғандар саны 132 348-ге жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
"Қазақстанда өткен тәулікте 689 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды", – делінген ресми хабарламада.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 40
Алматы қаласы - 52
Шымкент қаласы - 2
Ақмола облысы - 90
Ақтөбе облысы - 4
Алматы облысы - 34
Атырау облысы - 19
Шығыс Қазақстан облысы - 73
Жамбыл облысы - 15
Батыс Қазақстан облысы - 39
Қарағанды облысы - 21
Қостанай облысы - 88
Қызылорда облысы - 3
Павлодар облысы - 94
Солтүстік Қазақстан облысы - 110
Түркістан облысы - 5
Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 132 348-ге жетті.
Еске салсақ, Нұр-Сұлтанда карантин тәртібін бұзғандар 175 миллион теңгеден астам айыппұл төледі.
Барлығы 28 қарашадағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласының аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына карантинді бұзған адамдарға қатысты аудандық полиция басқармаларынан 2176 материал келіп түскен.
Оған қоса, белгілі ресейлік дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников өлім-жітім көп болатын індетке алдын ала дайындалу қажет екенін айтты.
Мясниковтың айтуынша, өлім-жітім деңгейі жоғары ауыр індеттердің алдын алу үшін тиімді қорғаныс шараларын әзірлеу қажет. Ресейлік дәрігер Қытайда бұл екі мутацияның алғашқысы үнемі тіркеліп отыратынын жеткізді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/coronavirus/1887270-tken-tulikte-elimizde-tagy-689-adamnan-koronavirus-anyktaldy/