"Дене қызуы 40 градус": Гонконг тұмауы Абай облысы мен Алматыға да жетті
Жарияланған күні:
Гонконг тұмауы Абай облысы мен Алматыға да жетті. Екі өңірді қосқанда, жалпы саны 32 науқас вирустың осы түрін жұқтырған. Олардың дене қызуы 40 градусқа дейін көтеріліп, оңайлықпен түспейді екен, деп хабарлайды "КТК" арнасы.
"Тұмаудың алдына алу шарасы — вакцинация. Ең бірінші кезекте осал топтың адамдары алады. Оларға арнап жергілікті бюджеттен 60 мың доза сатып алынды. Бүгінде облысымыздың 10 пайызға жуығы осы тұмауға қарсы екпе алды", - дейді Абай облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің бөлім басшысы Айнұр Серікбаева.
Елімізде риновирус, парагрипп және коронавирусқа шалдыққандарға қатысты статистика да мәз емес. Мәселен, Алматыда вирус жұқтырғандар былтырғымен салыстырғанда 20 пайызға жоғары. Яғни 23 мыңға жуық тұрғын тұмаумен тіркелген. Оның жартысынан көбі — балалар. Ал Гонконг тұмауымен ауырып жүргендердің қатарында жүкті әйелдер көп дейді мамандар.
Эпидахуалдың күрделенуіне байланысты ақ халаттылар күшейтілген жұмыс тәртібіне көшкен. Эпидемиология маусымы кезінде өзін өзі қорғау үшін көпшілік орындарға барған кезде бетперде кию ұсынылады. Көпшілік баратын орындарға көп бармауға тырысыңыз.
Балалар болмаса, өзі ауыра бастаған кезде, ең бірінші кезде үйде болу режимін сақтау керек. Өйткені ол ауырып тұрып, көшеге шығатын болса, көпшілік орындарға баратын болса, басқаларға да жұқтыруы мүмкін.
Дереккөз: "КТК" арнасы
"Хабар" арнасының мәліметінше, Алматыда Н3N2 типті тұмаудың тек 13 расталған жағдайы тіркелген.
"Н3N2 типті тұмаудың тек 13 расталған жағдайы тіркелді. Барлық пациентке емдеу тағайындалды, жағдайлары қанағаттанарлық. Қалада ринавирус, бокавирус, энуевирус, адинавирус, парагрип және тұмау сынды, корновирус секілді басқа да ЖРВИ вирустары қатар жүр", - дейді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ләйлә Иманғалиева.
Еске салсақ, Алматыда ЖРВИ және тұмаумен ауырғандар көбейіп, ауруханалар күшейтілген режимге көшкені хабарланған болатын.
Сондай-ақ ШҚО-да "гонконг тұмауын" жұқтыру жағдайлары анықталды.
Одан бөлек Ақтөбеде тұмау өршіп тұр. Мамандар вирус жұқтырған адам саны күн санап артып барады деп дабыл қағып отыр. Қазірдің өзінде жұқпалы аурулар ауруханасына науқас сыймай жатыр. Жартысынан көбі — балалар.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/medical-conditions/2310060-dene-qyzuy-40-gradus-gonkong-tumauy-abai-oblysy-men-almatyga-da-zhetti/