Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Халықпен бірге: KAZ.NUR.KZ порталының Instagram парақшасы туралы қызықты деректер

Опубликовано:

Kaz.nurkz Instagram парақшасы
Kaz.nurkz Instagram парақшасы. Коллаж: pixabay.com / nur.kz

Күнделікті өзекті әрі маңызды ақпаратты ұсынып отыратын KAZ.NUR.KZ порталының Instagram парақшасын кімдер оқиды, парақшаның статистикасы қандай және не себепті парақшаға жазылған маңызды. Осы және өзге де сұрақтарға жауапты KAZ.NUR.KZ порталынан оқыңыз.

KAZ.NUR.KZ порталының Instagram парақшасы Қазақстанның ақпарат алаңында сенімді әрі маңызды жаңалықтарды алғашқылардың бірі болып таратады. Парақша күнделікті елдегі және әлемдегі соңғы жаңалықтармен таныстырып қана қоймай, оқырман үшін пайдалы қаржы жаңалықтары, саяси тақырыптардағы қызықты видеолар, эксклюзивтер, түрлі сала бойынша инфографика, сауалнамалар ұсынады.

Парақша статистикасы

Instagram желісіндегі KAZ.NUR.KZ парақшасының аудиториясы кең. Оған жазылушылар саны өздігінен көбейіп, күн санап өсіп жатыр, аудиториясы шынайы. Оны парақша оқырмандарының белсенділігінен, статистикасынан байқауға болады.

Парақшаны Димаш Құдайберген, Геннадий Головкин, Арман Дәулетияров сынды әлем деңгейінде танымал тұлғалар оқып, кей жаңалықтарды белгілеп жатады. Парақшаның дизайны біртекті, көруге ыңғайлы, түстері жағымды.

Бүгінде парақшадағы оқырман саны 360 мыңнан асқан.

Аккаунттың статистикасына көз жүгіртсек, өткен жылы KAZ.NUR.KZ парақшасында жарияланған жазбаның таралу ауқымы 28 млн-нан асып түскен. Ал stories бөлімінің оқырманды қамту аясы 2 млн 340 мың.

Kaz.nurkz Instagram парақшасы
Kaz.nurkz Instagram парақшасы. Коллаж: pixabay.com / nur.kz

Халықпен бірге

Ерекше атап өтерлігі, KAZ.NUR.KZ халықтың мұң-мұқтажын жеткізуді назардан тыс қалдырмайды. Әр жұма сайын тілшілер еміне қаражат қажет жандар туралы ақпаратты мұқият тексере отырып, олар жайлы мақала дайындайды. Біз науқас жандардың көмекке шынайы мұқтаж екеніне әбден көз жеткізе отырып, олардың мақаладан кейінгі тағдырын әркез назарда ұстаймыз.

Соңғы бір жылда KAZ.NUR.KZ оқырмандарының көмегімен сирек кездесетін ауруға шалдыққан бірнеше баланың еміне қомақты қаржы жиналды. Оның ішінде остеосаркома диагнозы қойылған 4 жасар Асқар Жәлелдің Түркиядағы емі үшін оқырмандар 2 млн теңге қаражат жинауға үлес қосты. Бүлдіршін Стамбулда 11 ай емделіп, жақсы нәтижемен елге оралды.

Сондай-ақ парақша оқырмандарының белсенділігінің арқасында төрт жасар Мирас Шәміл мен жеті жасар Ерасыл Тұманов Грузияда дің жасушаларын трансплантациялау отасын жасатып келді.

Ал бүйрек жетіспеушілігі диагнозы қойылған журналист Әсел Жақыпбектің еміне оқырмандар 2 млн теңгедей ақша жинап, сауығуына үлес қосқан.

KAZ.NUR.KZ әр оқырманын жоғары бағалайды. Сіз де Instagram-дағы kaz.nurkz парақшасына жазылып, соңғы жаңалықтардан хабардар болыңыз әрі жақсылыққа үлес қосыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kak-rabotaet-nur-kz-kaz/2014291-xalyqpen-birge-kaznurkz-portalynyn-instagram-paraqsasy-turaly-qyzyqty-derekter/

pixel