Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әжетханадағы сүйіктісіне баса-көктеп кіріп, оған ұсыныс жасаған жігіт жұртты таңырқатты (фото)

Опубликовано:

Ұсыныс
Фото: FACEBOOK

Әлеуметтік желіде әжетханада отырған сүйіктісіне ұсыныс жасаған жігіттің әрекеті қызу талқылануда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Әдетте жігіттер ғашығына ұсыныс жасау үшін ұзақ дайындалып, бұл сәтті есте қаларлықтай етуге тырысады. Ал тұрмысқа шығу туралы ұсыныс көбіне қымбат мейрамханаларда немесе ерекше көрікті табиғат аясында жасалып жатады.

Ұсыныс
Фото: FACEBOOK

Десе де қоғам арасында қалыптасып қалған бұл заңдылықтарға бағынғысы келмеген ер адам мүлде оғаш әрекетке барған деп жазады thesun.co.uk басылымы.

Ұсынысы барынша күтпеген тосынсый болуын қалаған жігіт ғашығы әжетханаға кіретін уақытты күткен.

Бойжеткен әжетханаға отыра бергені сол еді, ғашығы оған баса-көктеп кіреді. Жігіт сүйіктісінің алдында тізерлеп отырып, оған өмірлік жары болуға ұсыныс жасаған.

Ұсыныс
Фото: FACEBOOK

Ғашығы бұл ұсынысты қуана қабылдап, ерекше сәтті қолындағы ұялы телефонына түсіріп алыпты. Ол қуанышты жаңалығымен бөлісіп, суреттерді әлеуметтік желіге жүктейді.

Бұл жайтты тамашалаған желі қолданушыларының бірі жігіттің әрекетіне таңданыс білдіріп, мақтау жаудырса, енді бірі мұндай ұсыныс жасау ұят екенін алға тартқан. Олар ерекше сәтті әжетханада өткізу жүректі елжірететін емес, керісінше жүректі көтеретін дүние екенін айтуда.

Еске салсақ, бұған дейін біз тастай мұздың ішінде екі сағат бойы жалаңаш отырған спортшы рекорд орнатқанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, балабақшаға қызын берген соң жылап алған әке жұрттың жүрегін елжіреткенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1873965-zethanadagy-sjiktisine-basa-kktep-kirip-ogan-synys-zasagan-zigit-zrtty-tayrkatty-foto/

pixel