Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Егде жастағы қайын атасын соққыға жыққан келіншек қамауға алынды

Опубликовано:

қарт кісі
Көрнекі фото: pixabay.com

Тәжікстанда егде жастағы қайын атасын ұрып-соққан келін қамауға алынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Centralasia.media порталына сілтеме жасап.

Елдің ішкі істер министрлігінің ақпаратынша, оқиға Тәжікстанның солтүстігіндегі Соғды облысы, Б.Гафуровский ауылында болған.

16 тамызда Исфисор ауылындағы өз үйнің ауласында жүрген 42 жастағы әйел қайын атасымен жанжалдасып қалған. Сөйтіп ашуға булыққан келін егде жастағы ер адамды таяқпен ұрған. Нәтижесінде қария орта деңгейдегі жарақат алған.

Күдіктіге қатысты Тәжікстанның қылмыстық кодексінің 111 бабы (Денсаулыққа орташа ауырлықтағы қасақана зиян) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Еске сала кетсек, Түркістан облысында кимін алып кетуге келген келін енесімен және қайын сіңлісімен төбелесіп қалғанын хабарладық. Жанжалдың видеосы әлеуметтік желіде лезде тарап кеткен.

Оқиға 29 тамыз күні Арыс қаласында болған. Оны Түркістан облысының полицейлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде анықтады.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің ақпарынша, Арыс АПБ 102 пултіне жергілікті тұрғын арызданып, үйінде айқай-шу болып жатқанын хабарлаған. Жәбірленуші әйел ажырасқан келінінің туыстарымен келіп, өзіне дене жарақатын салғанын жеткізген.

Айта кетейік, Жамбыл облысы Қордай ауданының тұрғыны енесінен 6 миллион теңге ұрлағанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1875785-egde-zastagy-kajyn-atasyn-sokkyga-zykkan-kelinsek-kamauga-alyndy/

pixel