Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Америкалық танымал журнал 2020 жылдың ең сымбатты жігітін атады

Опубликовано:

Джордан
Фото: michaelbjordan

Танымал америкалық People журналы 2020 жылдың ең сымбатты жігітін атады деп жазады РЕН ТВ.

2020 жылдың ең сексуалды ер адамы атағына актер Майкл Джордан лайық деп танылған. Көпшілік оны "Қара пантера" фильмінің жұлдызы ретінде таниды.

Бұл атақты актерге People журналы беріп отыр. Джорданның өзі мұндай атаққа ие болу ол үшін нағыз тосынсыйға айналғанын жасырмайды. Бұл жаңалыққа, әсіресе оның анасы ерекше қуанған екен.

"Қара пантера" жұлдызы өзіне деген сенімділіктің болуы жетістіктерге жетуде маңызды рөл атқаратынына көзі жеткенін айтуда. Ол барлығына ұнау мүмкін еместігін ұмытпау керектігін еске салды.

"Өзіңізге сеніп, нені дұрыс деп тапсаңыз, соны жасау маңызды", - деп актер жетістікке жету құпиясымен бөлісті.

Джордан көлік жүргізгенді, бейне ойындар ойнауды, сондай-ақ тамақ дайындағанды ​​ұнататын болып шықты.

Еске салсақ, бұған дейін қолы ашық Джордж Клуни 14 досына миллион доллардан таратып бергенін жазған едік. Бұл туралы актердің өзі GQ журналына берген сұхбатында айтып берген.

Одан бөлек, ұзын шашын қиып тастаған Киану Ривз адам танымастай өзгеріп кеткенін жазған болатынбыз.

"Матирцаның" жалғасына түсу үшін ұзын шашын шорт қиған Киану Ривз көпшіліктің назарына ілігіп, суреттері желіге тарап кеткен еді. Желі қолданушылары актердің сымбаты шашын қиса да жоғала қоймағанын айтуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1885481-amerikalyk-tanymal-zurnal-2020-zyldy-e-symbatty-zigitin-atady-foto/

pixel