Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2020 жылдың ең сұлу 20 аруын білесіз бе

Опубликовано:

Ару
Фото: adme.ru

Дүние жүзі бойынша тұрғындар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде 2020 жылдың ең сұлу 20 аруы анықталды деп жазады adme.ru.

Ауқымды дауыс беру шарасын жүргізген Starmometer ойын-сауық порталы 2020 жылғы ең әдемі әйелдің есімін білу үшін 13 миллионнан астам адамның пікіріне жүгінді.

Нәтижесінде жария болған ең сұлулардың тізімі көпшілікті таң қалдырған.

Сонымен әлем жұртшылығы таңдаған 20 хас сұлуды назарға ұсынамыз.

20. Эмма Уотсон

Эмма - "Гарри Поттер" фильмінде Гермионаны ойнағаннан кейін танымал болған британиялық актриса.

19. Надин Люстр

Филиппиндік Надин "Багеты" телехикаясының ремейкінен кейін танымалдыққа ие болады.

18. Мюи Мина

23 жастағы жапониялық Мюи Мина - Азияда өте танымал Twice қыздар тобының әншісі.

17. Селена Гомес

Селена - америкалық әнші және актриса, оның Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына 190 миллионнан астам адам жазылған.

16. Галь Гадот

Израильдік Галь Гадот суперқаһарман Wonder Woman фильміндегі басты рөлді сомдаған актриса ретінде танымал.

15. Марго Робби

Австралиялық актриса Марго Робби "Тоня против всех", "Отряд самоубийц", "Волк с Уолл-стрит" және басқа да фильмдерде басты рөлдерді сомдайды.

14. Сабина Идальго

Сабина - мексикалық әнші және биші. Now United поп тобының мүшесі ретінде танымал.

13. Приянка Чопра

2000 жылы Приянка Чопра "Әлем аруы" байқауында жеңіске жетіп, содан кейін модельдік мансабын жалғастырды, сондай-ақ өзін кино және музыка саласында танытты.

12. Приянка Мазумдар

23 жастағы Приянка Мазумдар - Z-Girls тобының мүшесі. Ол - корей поп-жұлдызына айналған алғашқы үнді қызы.

11. Сана Минатозаки

2020 жылғы ең әдемі әйелдер тізімінде тағы бір Twice тобының әншісі бой көрсетті. Кореяда Сананы сүйкімділігі мен тәтті дауысы үшін жақсы көреді.

10. Сина Дейнерт

Сина модель ретінде де, TikTok жұлдызы ретінде де танымал. Ол Германияда дүниеге келген және жақында 22 жасын тойлады.

9. Лиза Соберано

Лиза - Филиппиннен шыққан әнші және актриса. Оны өз еліндегі ең әдемі қыздардың бірі деп атайды.

8. Дженни Ким

Дженни - рэп орындаушысы және Оңтүстік Кореяның BLACKPINK тобының мүшесі.

7. Сон Хьо Кьо

"Ва-банк" және "Потомки солнца" телехикаяларынан кейін танымал болған актриса.

6. Розэ Пак

Розэ - Жаңа Зеландия моделі және әнші, Дженни Ким сияқты BLACKPINK тобында ән салады.

5. Ким Джису

25 жастағы Ким - BLACKPINK-тің белді мүшесі. Сонымен қатар, ол модель ретінде жұмыс істейді және өзін фильмдерде де сынап көрген.

4. Урассая Спербунд

Урассая - Таиландтағы ең танымал актрисалардың бірі. Ол "Аккани жүрегі" телехикаясындағы рөлімен танымал болған.

3. Чжоу Цзыюй

Тайваньдық әнші Чжоу Twice тобының жұлдызы ретінде танымал.

2. Лалиса Манобан

Лалиса - Тайваньдық рэп орындаушы, биші және модель. 2019 жылы әншінің әлемдік турнесі өтті.

1. Сон Йо Джин

Сон - Оңтүстік Кореяның актрисасы, ол "Концерт для влюбленных" және "Классический" фильмдеріндегі рөлдерімен танымал болды.

Еске салсақ, бұған дейін америкалық танымал журнал 2020 жылдың ең сымбатты жігітін атағанын жазған едік.

Одан бөлек, ерекше әдемі көз жанарына ие тайпа әлем жұртшылығының таңдайын қақтырғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1889824-2020-zyldy-e-slu-20-aruyn-bilesiz-be/

pixel