Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аптасына 420 жөргек: Бірден бес нәресте сүйген ерлі-зайыптылардың бір күні

Опубликовано:

Отбасы
Фото: Instagram/dbusby

Ұлыбританияда ерлі-зайыптыларға бірден бес нәресте сүю бақыты бұйырды деп хабарлайды news.com.au басылымы.

Адам мен Даниэль Басбиге дәрігерлер алғашында бала сүю бақыты бұйыра қоймайтынын айтқан болатын. Десе де, ем қабылдау өз нәтижесін беріп, ерлі-зайыптылар тұңғышын дүниеге әкелу бақытына кенеледі.

Блейк есімді қыз баланың ата-анасы атанған ерлі-зайыптылар тағы бір нәресте сүюді жоспарлайды.

Алайда Жаратушының жоспары өзгеше болып шықты. Адам мен Даниэль бірден бес баланың дүниеге келетінін мүлде күтпеген еді. Бүгінде олар әп-сәтте көпбалалы ата-ана атанып отыр.

Қызыққа толы бір күнімен бөліскен ерлі-зайыптылар өз өмірін қатаң тәртіпке бағынатын әскерилердің өміріне теңестірді. Олар тәулігін 24 сағатын балаларына арнап, аптасына 420 жөргек ауыстырып, тәулігіне 40 бөтелке сүт әзірлейтінін айтуда.

Десе де бұл тек уақытша қиындықтар екенін алға тартқан көпбалалы ерлі-зайыптылар өздерін шексіз бақытты сезінетіндерін жасырмады.

Еске салсақ, бұған дейін Ұлыбританияда он бір баласы бар отбасы тұратынын жазған едік. Джоан және Томми О'Рурктің он баласы - туған балалары. Ал бір баланы олар асырап алған.

Джоан мен Томмидің бөлісетін көптеген пайдалы кеңесі бар. Сондықтан ерлі-зайыптылар бос уақыттарын көп балалы ата-аналарға арналған арнайы форумдарда өткізіп, тәжірибе алмасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1900328-aptasyna-420-zorgek-birden-bes-nareste-suigen-erli-zaiyptylardyn-bir-kuni-foto/

pixel