Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстан тұрғындары аспаннан белгісіз заттың құлағанын байқады

Опубликовано:

Метеорит
Кадр: Instagram / koroche_kg

Қырғызстан тұрғындары көктен белгісіз заттың құлауының куәсі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Жарық заттың жерге құлап бара жатқан сәтін қырғызстандықтар видеоға түсіріп үлгерген. Олар ерекше құбылыстың видеосын әлеуметтік желіде жарыса жария етуде.

Бұл метеорит болуы мүмкін деген болжам жасалуда. Лапылдап жанып келе жатқан зат жерге қарай құлаған сәтінде сөніп қалған.

Sputnik Қыргызстан сайтының мәліметіне сенсек, бұл құбылысты Бішкек тұрғындары мен Шу облысының тұрғындары көре алған. Әсіресе Петровка ауылы құлаған затты анық көре алыпты.

Ескерту: Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

"Оптимус прайм елдегі коррупциямен күресу үшін ұшып келді", - деп жазған Instagram желісіндегі қолданушылардың бірі.

"Илон Маск", - деп жауап қайтарды өзге қолданушы.

"Ол жерге жеткенге дейін өртеніп кетті..." - деп қосты тағы бір пікір қалдырушы.

Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтан тұрғындары аспандағы ерекше құбылыстың куәсі болғанын жазған едік.

Одан бөлек, Ресейдің Камчатка түбегінде көкте жарылған метеорит көпшіліктің назарына іліккенін жазған болатынбыз.

Ғалымдар метеориттің Жер атмосферасында Камчатканың көгінде жарылуын тіркеген. Бұл туралы Ресей Ғылым Академиясының "Біріккен Геофизикалық Қызметі" федералдық зерттеу орталығының Камчатка филиалының директоры Данила Чебров хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1906687-qyrgyzstan-turgyndary-aspannan-belgisiz-zattyn-qulaganyn-baiqady-video/

pixel