Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ шекарасынан жылдам өткісі келген хиджабтағы арудың әрекеті желідегілерді таңғалдырды

Опубликовано:

АРу
Видеодан кадр: tiktok.com/@omgggridwa

Мұсылман дінін ұстанатын Бангладеш тұрғыны АҚШ шекарасынан еш қиындықсыз өту үшін сол елдің туы бейнеленген хиджаб таққан деп хабарлайды Lenta.ru.

TikTok желісінде "omgggridwa" никнеймімен тіркелген блогер әуежайдағы шекара бақылауынан қалай өткенін айтып, видео түсірген.

Бангладештік бойжеткеннің сөзінше, сапарға шықпас бұрын оған анасы дәстүрлі хиджабты емес, АҚШ туы бейнеленген орамалды тағуға кеңес берген.

"Ол осылайша, мені шекарадан оңай өткізеді деп ойлады", - дейді жазба авторы.

Бойжеткеннің видеосы желіде лезде тарап, 13 миллионнан астам қаралым жинап үлгерген. Роликті көргендер жарыса пікір жазған.

"Менің саған миллион сұрағым болар еді", "Күлкіден өлетін шығармын, мұндай хиджаб күмәнді көбейтеді", "Ал менің әкем шекарадан ковбойлардың аяқ киімімен өткен", "Сені қосымша тексеруге шақырды ма? Күліп отырмын", - дейді олар.

Еске сала кетсек, бұған дейін АҚШ-тың Каролина штатында 300 метр биіктіктен құлап кеткен ер адам ғажайыптың күшімен аман қалғанын жазған едік.

Полицияның дерегінше, аты-жөнін атамауды жөн көрген азамат екі сағат бойы күн батқанша тауда қыдырған. Кейін аяғы тайып, жардан құлап кеткен.

Оқиға орнына мамандар бригадасы келіп жеткен. Құтқару операциясы алты сағатқа жалғасқан. Десе де ер адам жеңіл жарақат алған.

Одан бөлек, кәріз жүйесінде адасып кетіп, үш апта бойы шыға алмаған АҚШ тұрғыны жайлы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1907197-aqs-sekarasynan-zyldam-otkisi-kelgen-aru-amerikalyq-tu-beinelengen-xidzab-kigen/

pixel