Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көрікті бойжеткен 2 метрге жететін қолаң шашын қайырымды іс үшін қиып тастады

Жарияланған күні:

Ару
Фото: zahabkamalkhan

АҚШ-тың Вирджиния штатында тұратын бойжеткен екі метрге жететін қолаң шашын қайырымдылық мақсатында қиып тастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Захаб Камаль Хан журналистердің көзінше 190 сантиметрге жететін шашын қиып, оны науқас балаларға тарту етті.

Осылайша ол "бір адамнан қайырымдылыққа берілген ең ұзын шаш" номинациясы бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Бойжеткен өз Instagram парақшасында бұл жайттың суретімен бөлісті. Айтуынша, шашты өсіру шешімін ол 13 жасында Гиннестің рекордтар кітабы туралы әкесінен естігеннен кейін қабылдаған. Ол 17 жыл бойы рекорд орнатуды армандап, шашын қимай келген.

"Қиылған шашымды көргенде, біраз толқыдым. Ұзын шашымды сағынарым, сөзсіз", - дейді Хан.

Ол осы күнге дейін шашын өсіруге көмектесіп келген әжесіне ерекше алғыс білдірді.

Айта кетсек, бойжеткен әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының назарына бұған дейін де іліккен болатын.

Сквош ойнап жатқан Ханның бұрымы байқаусызда тарқап кетіп, пәкістандық журналистер оны сол сәтте суретке түсіріп алады. Суреттер желіге тарап, жүздеген жағымды пікір жинайды.

Еске салсақ, бұған дейін Ұлыбританияда 12 жасар ұл бала шашын беліне дейін өсіріп, оны қатерлі ісікке шалдыққан балаларға тарту еткені туралы жазған болатынбыз.

Одан бөлек, АҚШ-тың Калифорния штатында ақ шашын бояудан бас тартқан әйел әлеуметтік желіде танымалдылыққа ие болғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1930076-korikti-boizetken-2-metrge-zetetin-qolan-sasyn-qaiyrymdy-is-usin-qiyp-tastady/