"Өлетін уақыт емес": Отырған тікұшағы апатқа ұшырған министр жағалауға 12 сағатта жүзіп жетті
Опубликовано:

Мадагаскар үкіметінің министрі теңіздегі құтқару операциясы кезінде өзі мінген тікұшақ апатқа ұшырағаннан кейін жағаға 12 сағатта жүзіп жеткен, деп хабарлайды ВВС.
Басылымның мәліметінше, 20 желтоқсан күні құтқару қызметінің тікұшағы елдің солтүстік-шығысында кеменің апатқа ұшырауына байланысты оқиға орнына аттанған.
57 жастағы полиция министрі Серж Гелленің сөзінше, алайда тікұшақ та қатты желдің салдарынан апатқа ұшыраған. Дегенмен, шенеунік ешқандай жарақат алмапты, бірақ қатты тоңғанын айтады.
"Өлетін уақыт емес", - дейді Серж Гелле құтқарушыларға.
Геллемен бірге қауіпсіздік қызметінің тағы бір қызметкері аман қалған.
Теңіз агенттігінің хабарлауынша, кеме апатынан көз жұмғандар саны 64 адамға жеткен, тағы 20 шақты адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.
Осы ретте Мадагаскар президенті Андри Радзуэлина өзінің Twitter парақшасында қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, Махамбо қаласының жағалауына дейін өз бетінше жүзіп келген Гелле мен екінші офицерді мадақтаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1948112-oletin-uaqyt-emes-otyrgan-tikusagy-apatqa-usyrgan-ministr-zagalauga-12-sagatta-zuzip-zetti/