Орманның ең жасырын "тұрғындары": ШҚО-да борсықтар видеоға түсіп қалды
Опубликовано:
"Ертіс орманы" резерватындағы фототұзаққа орманның ең жасырын "тұрғындарының бірі" – борсық түсіп қалған. Бұл туралы табиғи резерваттың желідегі парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Орман әкімшілігінің хабарлауынша, борсық – орманның нағыз санитары. Ол жәндіктермен, ұсақ кеміргіштермен және өлексемен қоректеніп, экожүйедегі табиғи тепе-теңдікті сақтауға үлес қосады.
"Әдетте борсықтар түнде ғана қозғалып, күндіз індерінде болады. Сол себепті оларды көзбен көру – өте сирек кездесетін жағдай", - дейді "Ертіс орманы" резерватының қызметкерлері.
Айта кетейік, бұған дейін "Сайрам-Өгем" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы фототұзаққа Тянь-Шань қоңыр аюы түсіп қалған еді.
Сондай-ақ "Көлсай көлдері" ұлттық паркінің аумағында жүрген бөлтіріктер видеоға түсіп қалған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2278506-ormannyng-eng-zhasyryn-turgyndary-shqo-da-borsyqtar-videoga-tusip-qaldy/