jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    "Құпия ақпаратқа жатады": Ұлттық банк басшысы жалақысын жариялаудан бас тартты

    Ғалымжан Пірматов
    Ғалымжан Пірматов. Фото: www.kazatomprom.kz

    Бүгін Ұлттық банктің басшысы Ғалымжан Пірматов ведомствода өткен брифингте жалақысы туралы сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    БАҚ өкілдері Ғалымжан Пірматовтан ол қанша жалақа алатынын сұраған болатын.

    "Менің түсінуімше, Ұлттық банктің басқарма мүшелерінің жалақысын президентпен келісе отырып, басқарма белгілейді және ол құпия ақпаратқа жатады. Сондықтан оны жариялауға құқығым жоқ", - деді Ғалымжан Пірматов.

    Еске сала кетейік, өткен жылдың ақпан айында Ғалымжан Пірматов Ұлттық банктің төрағасы қызметіне тағайындалған болатын.

    Сондай-ақ еліміздің Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев алдыңғы жылы маусымда оның жалақысы 1,5 млн теңгені құрайтынын айтқан еді.

    Кейін ол кейбір қазақстандық министрлердің жалақысы 1,7 млн теңгеге дейін жететінін айтқан. Бұл ретте ол бәрі жұмыс өтіліне және қызмет саласына байланысты екенін мәлімдеген.

    "Құпия ақпаратқа жатады": Ұлттық банк басшысы жалақысын жариялаудан бас тартты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.