jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Елімізде баспананы жалға беру бағасы қай өңірде қымбат

    Пәтер
    Пәтердегі әйел. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Елімізде баспананы жалға беру бағасы қайта өсе бастады. Өйткені жаңа оқу жылының басталуына аз қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

    Сәйкесінше, сұраныс көбейген. Соңғы бір айда Қазақстан бойынша тұрғын үйді жалдау құны пәтердің шаршы метріне 3,1 пайызға көтерілген. Бұл ретте ең жоғарғы өсім (6,9 пайыз) Астанада тіркеліп отыр. Екінші орында Қонаев қаласы, кейін Талдықорған мен Қостанай тұр. Ал бұған дейін әрдайым көш басын бермеген Алматыда жалдау құны 3,4 процентке ғана көтеріліпті.

    Баға тек Түркістан мен Таразда өзгермеген көрінеді. Ал төмендеу дерегі бірде бір қалада тіркелмеген. Дегенмен Алматы тұрғын үйді жалға алу бойынша елдегі ең қымбат қала саналады. Өйткені мегаполистегі пәтерлердің шаршы метрі 5814 теңгеден бағаланып отыр. Ал Астанада бұл көрсеткіш 400 теңгеге төмен.

    Өзгеріс пәтерлердің аумағына байланысты. Яғни елордада пәтердің бір шаршы метрі арзанырақ есептеледі. Алайда баспананың аумағы кеңірек болғандықтан, жалпы жалдау ақысы да жоғары. Астанада бір бөлмелі пәтерде 1 ай уақытша тұру 220 мың теңге болса, Алматыда бұл көрсеткіш 210 мың теңге. Ал үш бөлмелі пәтерді жалдау ақысында 100 мың теңгедей айырмашылық байқалады.

    Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бағаның әр өңірде әр түрлі болуына әсер ететін негізгі фактор – студенттер. Мәселен, Алматыда бүгінде 220 мыңнан аса студент жоғары оқу орындарында білім алады. Колледждерде оқитын тағы 86 мыңнан аса шәкірт бар. Ал олардың барлығын жатақханамен қамту мүмкін болмағандықтан, жастар пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Астанада көрсеткіш сәл төмен. Сондықтан сұраныс нарыққа әсер етпейтін көрінеді.

    Елімізде баспананы жалға беру бағасы қай өңірде қымбат

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.