jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Ұлттық экономика министрлігі ҚҚС туралы шешім қашан қабылданатынын айтты

    Салық есептеп отырған адам
    Салықтарды есептеп отырған адам. Көрнекі фото: krisanapong detraphiphat/Getty Images

    Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин Сенатта өткен дөңгелек үстелден кейін өткен баспасөз мәслихатында ҚҚС жаңа мөлшерлемесі туралы шешім қашан қабылданатынын айтты, деп хабарлайды Kazinform.

    Журналист ҚҚС-қа қатысты ұсыныстың қала бюджетіне түсетін салыққа қалай әсер ететінін сұраған.

    "Өздеріңіз білесіздер, заң жобасы мәжілісте жатыр. Ол мәселені қарап, түрлі есептер жүргізіп отырмыз. Келесі аптаның аяғына дейін жалпы көрініс айқындалады деп ойлаймын және біз оны мәлім етеміз. Оның ішінде ҚҚС мөлшерлемесі де, ҚҚС салынатын айналым шегі де, оңтайландырылған салық режимі де бар. Шешімді келесі аптаның аяғында мәлім етеміз", — деді вице-министр.

    Еске сала кетейік, 28 қаңтарда премьер-министр Олжас Бектенов қосылған құн салығын көтеруді ұсынды, оның орнына жұмыс берушілер үшін әлеуметтік салық пен зейнетақы жарналарын төмендету ұсынылды.

    Сол күні үкіметте өткен брифингте премьер-министрдің орынбасары әрі Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ҚҚС көтерілгеннен кейін Қазақстанда азық-түлік пен басқа да тауарлар сөзсіз қымбаттайтынын айтқан еді.

    Сондай-ақ Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов сенат кулуарында қосылған құн салығы көтерілгеннен кейін инфляцияны қалай тежеуге болатыны туралы айтты.

    Кейін президент қосымша құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс екенін және үкіметтің ұсынған мөлшерлемесі тым жоғары екенін айтты.

    Сондай-ақ мемлекет басшысы үкіметке бұл мәселені депутаттармен және сарапшылармен егжей-тегжейлі талқылауды тапсырды.

    Бұдан соң премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин салық заңнамасына жаңа түзетулер, атап айтқанда ҚҚС-ның сараланған мөлшерлемесін ұсынды: 16 пайыз - 10 пайыз - 0 пайыз.

    Артынша Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері өңірлерде Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерімен бірлесе бизнес-қоғамдастықпен кездесіп, ҚҚС мөлшерлемесін талқылады.

    19 ақпанда Ұлттық экономика министрінің орынбасары Азамат Әмрин қосылған құн салығын талқылау аяқталғанын мәлім еткен еді.

    "Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 6 жұмыс тобы бүкіл өңірлерді аралап, бизнеспен, кәсіпкерлермен кездесіп шықты. Сол кездесулерде айтылған ұсыныстарды қазір талдап жатырмыз. Ұсыныстарды парламентке енгіземіз", - деген еді ол.

    2025 жылдың 20 ақпанында Ұлттық экономика министрлігі мәжіліске салық кодексінің жобасына түзетулер пакетін енгізді.

    Кейін парламенттің төменгі палатасында Салық кодексіне енгізілуі мүмкін өзгерістер назарға ұсынылып, мәжілісте ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин қосылған құн салығына (ҚҚС) қатысты өз ойын ортаға салған болатын.

    ҚҚС мөлшерлемесін арттыруға қатысты бұған дейін жария болған ақпарат

    Ұлттық экономика министрлігі ҚҚС туралы шешім қашан қабылданатынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.