jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Арендалық баспана: Жалақыға қатысты өзгеріс болуы мүмкін

    : Facebook

    Қазақстанда жұмыс істейтін 29 жасқа дейінгі азаматтар сатып алу құқығынсыз 5 жылға жалдамалы баспана ала алады. Алайда, арендалық баспана берудің ережесіне сәйкес, жұмыс істейтін жастың ай сайынғы табысы 40 АЕК-тен (101 мың теңге) кем болмауы тиіс. Бүгін ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев жалақы мөлшеріне қойылатын талаптың өзгеруі мүмкін екенін мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

    Көрнекі сурет: pexels.com
    Көрнекі сурет: pexels.com: Facebook

    Мәжілісте өткен үкімет сағатында депутат Құралай Қарекен арендалық баспағана үміткер жастардың жалақысына қойылатын талапқа тоқталды.

    Оның мәліметінше, қазір Нұр-Сұлтанда 29 жасқа дейінгі – 7 669, Алматыда – 7863, Шымкентте – 11 022 жас баспана кезегінде тұр. Яғни, жалдамалы пәтерге сұраныс өте жоғары. Алайда, арендалық баспана берудің ережесіне сәйкес, жұмыс істейтін жастың ай сайынғы табысы 40 АЕК-тен кем (101 мың теңгеден) болмауы тиіс.

    "Бұл дегеніңіз, жалақысы 101 мың теңгеден аз жастар мұндай пәтерге қол жеткізе алмайды. Жалдамалы баспанаға үміткерлердің санын арттыру мақсатында ай сайынғы табыстың мөлшерін төмендету мүмкіндігі қарастырылып отыр ма?", – деп сұрады депутат.

    Абаев жалдамалы пәтер жобасы енді қолға алынып жатқанын айтып, келешекте министрлік кейбір талаптарды өзгертуі мүмкін екенін жеткізді.

    "Біз талдау жасап, қарайтын боламыз. Қажетті соманы төмендетуге дайынбыз. Меніңше, бұл талқыланатын мәселе, ешқандай проблема көріп тұрған жоқпын", – деді ол.

    Министрдің айтуынша, жыл соңына дейін арендалық баспанаға үміткерлердің алғашқы легі пәтер кілттерін алады.

    Еске сала кетейік, бұған дейін жастарға пәтер алу үшін қандай құжаттар тапсыру керек екенін хабарлаған болатынбыз.

    Сондай-ақ, ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жастар және отбасы істері бойынша комитет төрағасының орынбасары Шахмардан Байманов жалдамалы пәтер алған жастардың баспана бойынша басқа бағдарламаларға қатыса алмайтынын мәлімдеді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.