RU

Гарвард түлегі Шымкент әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ үшінші мегаполис әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Гарвард түлегі Шымкент әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі: Instagram

Шымкент қаласы басшысының өкімімен әкімнің бірінші орынбасары қызметіне Мұқан Шыңғыс Жұмабекұлы келді.

Ол 1984 жылы туған, білімі жоғары. Мамандығы бойынша экономист, аудармашы, мемлекеттік басқару магистрі. Алматыдағы "Қайнар" университетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін және "Болашақ" бағдарламасы бойынша Гарвард университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын "Жас Алаш" газетінде тілші болып бастаған. Әр жылдары ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы, "Жайық-пресс" ЖШС-інің бас директоры, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, Атырау облысы әкімінің орынбасары, KazPetroDrilling АҚ-ның корпоративтік даму бойынша вице-президенті қызметтерін атқарған.

Айта кетейік, бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасарлары Ербол Садыр мен Алмасбек Мамытбеков қызметтерінен босатылғанын хабарлаған едік. Екеуі де бұл қызметті осы жылдың ақпан айынан бастап атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1867356-garvard-tlegi-symkent-kimini-birinsi-orynbasary-bolyp-tagajyndaldy/