Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Ұлттық банк төрағасына бірқатар тапсырма берді

Опубликовано:

Тоқаев Досаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан президентіне биылғы 10 айдың ішінде ақша-несие саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы және төлем балансының жағдайы бойынша 9 айдың қорытындысы, сондай-ақ, ұлттық төлем жүйесін дамыту жұмысының барысы туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық банктің қаражаты есебінен қаржыландырылатын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы жайында есеп берілді.

Мемлекет басшысы кездесу соңында қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдағаны туралы жазған болатынбыз.

Қазақстан президентіне сот жүйесіне әкімшілік әділет механизмін енгізу барысы жайында мәлімет берілді.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаңа судьяларды іріктеу жүйесін жақсартуға, сот практикасының бірізділігін қамтамасыз етуге және сот ісін жүргізу сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар жөнінде айтылды.

Жақып Асанов биылғы жылы 30 қазан күні онлайн форматта өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің жоғарғы сот төрағаларының 15-ші кеңесінің қорытындылары туралы мәлімет берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1883118-prezident-lttyk-bank-tragasyna-birkatar-tapsyrma-berdi/

pixel