Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент: Үкімет отставкаға кетуі тиіс

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Қазақстан заңнамасына сәйкес, мәжіліс сайлауынан кейін үкімет отставкаға кетуі тиіс. Бұл жөнінде Қасым-Жомарт Тоқаев журналистерге мәлімдеді. Президент премьер-министр мен министрлердің кандидатурасын ақылдасу үшін парламентке баратынын да жеткізді.

"Біздің заңнамаға сәйкес, үкімет отставкаға кетуі тиіс. Мен сайлау аяқталғаннан кейін парламентке барып, фракция жетекшілерімен, депутаттардың жаңа құрамымен премьер-министр мен үкімет мүшелерінің кандидатурасын ақылдасамын", - деді Тоқаев мәжіліс сайлауында дауыс бергеннен кейін.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан прездиенті Нұр-Сұлтандағы Оқушылар сарайы ғимаратында орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді.

Мемлекет басшысы елде сайлауға байланысты митинг бола қалған жағдайда, полиция қызметкерлері заңға сәйкес әрекет ететінін мәлімдеп, наразылыққа қатысушылар қудаланбайды деп сендірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1892962-prezident-kimet-otstavkaga-ketui-tiis/

pixel