RU

Мексика президенті коронавирус жұқтырып алды

Мексика президенті
Фото: Ismael Rosas / Eyepix Group/Barcroft Media via Getty Images

Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді.

Мексика көшбасшысы Twitter парақшасында әзірге аурудың тек жеңіл белгілері байқалып жатқанын, соған қарамастан ем қабылдап жатқанын жазды.

"Өкінішке қарай, мен COVID-19 инфекциясын жұқтырдым. Ауру белгілері жеңіл, бірақ емделуді бастап кеттім. Әдеттегідей көңіл-күйім жақсы. Тек алға жылжимыз. Дәрігер Ольга Санчес Кордеро таңертеңгілік баспасөз конференцияларда мені алмастырып, күнделікті нәтижелер туралы айтады", - деді Андрес Мануэль Лопес өз жазбасында.

Сонымен қатар ол қоғамдық мәселелерді президент резиденцияснан бақылайтынын айтты.

Бүгін Лопестің Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы тілдесуі жоспарланған. Президент ресейліктер "Спутник V" вакцинасымен қамтамасыз етеді деп үміттеніп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Жаңа Зеландияда екі айда бір адам ғана коронавирус жұқтырғанын жазған едік. COVID-19 инфекциясы соңғы рет 56 жастағы әйелден анықталған. Ол Еуропаға барып келген екен.

Ал елімізде өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 1480 адам тіркелді. Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 178 454-ке жетті.

Еске салайық, Қазақстан COVID-19-дың таралу көрсеткіші бойынша "қызыл аймаққа" кірді. Эпидемиологиялық жағдайды бағалайтын жаңарға матрицаға сүйенсек, қазір Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл аймақта" тұр.

Алматы қаласы, Қарағанды және Алматы облыстары "сары аймақта". Басқа өңірлер "жасыл аймақта".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1895384-meksika-prezidenti-koronavirus-zktyryp-aldy/