Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа Зеландияда екі айда бір адам ғана коронавирус жұқтырған

Опубликовано:

медицина қызметкерлері
Көрнекі фото: ria.ru

Жаңа Зеландияда екі айда бір адам ғана коронавирус жұқтырған. 56 жастағы әйел жақында Еуропаға барып келген деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Содан кейін 2 рет тест алынып, коронавирус анықталған соң оқшаулау орталығына жатқызылды. Жаңа Зеландияда дерт соңғы рет 21 қарашада тіркелген еді. 

"Науқастың коронавирустың қандай штамына шалдыққаны әзірге белгісіз. Онымен араласқан басқа адамдардан да тест алынып, барлығы карантинге жабылды. Бүкіл ел бойынша дабыл қағуға әлі ертерек.

Бірақ халыққа тиісті ақпаратты жедел жеткізіп отырамыз. Тұрғындарға айтар өтінішім, денсаулығыңыздан кінәрат шығып, өзіңізді жайсыз сезіне бастасаңыз, тез арада тест тапсырып, нәтижесі белгілі болғанша үйде отырыңыз", -деді Жаңа Зеландияның COVID-19-ға жауапты министрі Крис Хипкинс.

Айта кетейік, tлімізде өткен тәулікте 1584 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі Ақмола облысында тіркелген.

Осылайша, Қазақстан COVID-19 таралу қарқыны бойынша "қызыл аймаққа" кірді.

Эпидемиологиялық жағдайды бағалайтын жаңарға матрицаға сүйенсек, қазір Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл аймақта" тұр.

Алматы қаласы, Қарағанды және Алматы облыстары "сары аймақта". Басқа өңірлер "жасыл аймақта". Соңғы тәулікте Қазақстан Республикасы "сары аймақтан" "қызыл аймаққа" өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895354-zaa-zelandiada-eki-ajda-bir-adam-gana-koronavirus-zktyrgan/

pixel