Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тойға рұқсат беріп, пара алған қызметкері үшін Талдықорған әкімінің орынбасары жұмыстан қуылды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Қызметкерінің қылмыстық әрекетке барғаны үшін Талдықорған әкімінің орынбасары жұмыстан қуылды деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы облыстық департаменті растап отыр.

Қазір департамент Талдықорған қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысына және бас маманына қатысты істі тергеп жатыр. Олар қылмыстық кодекстің 366-бабы бойынша пара алды деген күдікке ілінген.

Айта кетейік, аталған бөлімнің басшысы қарамағындағы бас маманмен сыбайласып, шектеу шаралары кезінде бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынғанына қарамастан мейрамхана иелерінен және көшедегі сауда-саттық нүктелерінен 20 мыңнан бастап 270 мың теңгеге дейін пара алып отырған.

Олардан бөлек тағы 5 мейрамхананың әкімшісі де пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.

Осы қылмыстық істің негізінде Алматы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшылығы қала әкімінің қатысуымен кеңес өткізді.

Нәтижесінде тиісті бақылау жасамағаны үшін Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Сәуле Арзанбекова жұмыстан шығарылды.

"Аталған жемқорлық қылмысын тергеу жалғасып жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды" делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1925666-toiga-ruqsat-bergenine-para-algan-qyzmetkerinin-qylygy-usin-taldyqorgan-akiminin-orynbasary-zumystan-quyldy/

pixel