jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Ел үшін емес, доллар үшін соғысты": Трамп Ауғанстан әскері жайлы пікір білдірді

    Дональд Трамп
    Дональд Трамп. Фото: Chip Somodevilla/Getty Images

    АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Ауғанстан әскері тәлібтерге қарсы ақша үшін соғысқанын, ал қаржыландыру тоқтаған соң бірден берілгенін мәлімдеді.

    Трамп өз пікірін FoxNews телеарнасына берген сұхбатында айтты деп жазады РИА Новости.

    "Мен ауғанстандық сарбаздар неге "Талибанға" (Қазақстан мен бірнеше елде тыйым салынған ұйым) қарсы соғысып жатқанын сұрадым. Маған әртүрлі адамдар жантүршігерлік ақпарат айтты: олардың сарбаздары әлемде ең көп жалақы алады. Олар мұны жалақы үшін істеді. Өйткені, біз ақша төлеуді тоқтатып, кетіп қалған соң олар соғысуды да тоқтатты", - дейді Трамп.

    Айта кетейік, Ауғанстандағы жағдай Джо Байденнің америкалық сарбаздарды елден шығару жөніндегі мәлімдемесінен кейін ушықты. Осы үндеуден соң "Талибан" қозғалысының сарбаздары үкіметтік кұштерге ашық түрде шабуыл жасады. НАТО-ның соңғы жасақтары мен америкалық әскерилер елден шілде айының басында шықты.

    Ал 15 тамызда тәлібтер Кабулға кіргеннен кейін ел президенті Ашраф Гани өз өкілеттігін тоқтатып, елден кетті.

    Ал Ауғанстанның вице-президенті Амрулла Салех елде қалғанын мәлімдеді. Twitter желісіндегі ресми парақшасында ол ешқашан "Талибан" содырларының алдында бас имейтінін жазды.

    Сонымен бірге, Амрулла Салех өзін елдің уақытша басшысы деп жариялап, тәлібтерге қарсы тұруға шақырды.

    Жақында белгілі саясаткер Амангелді Айталы Ауғанстандағы жағдай Қазақстан үшін қаншалықты қауіпті екенін баяндады.

    "Ел үшін емес, доллар үшін соғысты": Трамп Ауғанстан әскері жайлы пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.