jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Ресейдің әскери техникаларындағы "Z және V" әріптері қандай мағынаны білдіреді

    Танк
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Ресейдің Қорғаныс министрлігі өзінің Instagram парақшасында әскери техникалардағы Z және V әріптерінің қандай мағына білдіретінін айтты.

    Аталған техникалар Украинадағы әскери операцияға жұмылдырылған.

    Желідегі жазбада Z "Жеңіс үшін" (За победу), ал V "Күшіміз шындықта" (Сила V (в) правде) және "Тапсырма орындалады" (Задача будет (V) выполнена) деген мағыналарды білдіреді деп көрсетілген.

    Дегенмен Ресейдің Қорғаныс министрлігі бұл жарияланымға қатысты әзірге ресми ақпарат берген жоқ.

    Еске сала кетсек, бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Украинадағы әскери операция басталғаннан бері қайтыс болған ресейлік сарбаздардың саны тоғыз мың адамды құрағанын мәлімдеген еді.

    Ал Ресейдің Қорғаныс министрлігі қайтыс болған әскер саны тек 498 адамды құрайды деп жариялаған болатын.

    Сонымен қатар, Біріккен ұлттар ұйымының босқындар құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Филиппо Гранди Twitter-дегі ресми парақшасында арнайы әскери операция басталған уақыттан бері Украинадан бір миллион адам кеткенін айтқан еді.

    Свежая публикация по теме:
    Зеленский Аляскадағы саммиттен кейін Трамппен сөйлесті

    Ресейдің әскери техникаларындағы "Z және V" әріптері қандай мағынаны білдіреді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.