Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"13 күнде 50 украиналық бала ажал құшты": Зеленский тағы да үндеу жасады

Опубликовано:

Владимир Зеленский
Владимир Зеленский. Видеодан кадр: facebook.com/zelenskiy.official

Украина президенті Владимир Зеленский кезекті видеоүндеуін жасады. Ол келіссөздер үстеліне отырып, Ресей мен Украина арасындағы соғыстың аяқталуын талқылауға дайын екенін мәлімдеді.

"Соғысты аяқтау қажет. Келіссөздер үстеліне отыру керек", - дейді Украина басшысы.

Сонымен қатар, Зеленский үндеуінде Ресейдің әр қаласында көшеге шығып, наразылық танытып жатқан ресейліктерге алғысын білдірді.

Сондай-ақ, ол әскери операция кезінде көз жұмған балалар саны 52-ге жеткенін хабарлады.

"Бүгін мен британиялық парламент алдында сөз сөйлеуге бара жатқанда ең қорқынышты сан 50 еді. 13 күнде 50 украиналық бала ажал құшты. Бір сағаттан кейін 52, 52 балаға жетті", - дейді Владимир Зеленский.

Айта кетсек, бұған дейін Украинаның Сума қаласынан Полтава қаласына дейін гуманитарлық дәліз ұйымдастырылған еді. Нәтижесінде жүздеген бала құтқарылды. Сондай-ақ, қалаға гуманитарлық жүк жеткізілді.

Одан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан да Украина халқына дәрі-дәрмек және басқа да қажетті азық-түлік жағынан гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін айтқан болатын.

Бұл туралы мемлекет басшысы Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен телефон арқылы сөйлескен кезде мәлімдеген еді.

Президенттің сөзінше, қазіргі уақытта гуманитарлық көмекті көзделген жерге көлікпен жеткізу жолдары қарастырылып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1959792-13-kunde-50-ukrainalyq-bala-azal-qusty-zelenskii-tagy-da-undeu-zasady-video/

pixel