Ресей мен Украина Сыртқы істер министрлері Түркияда келіссөздер жүргізді (фото)

Опубликовано:

Ресей Украина ту
Көрнекі фото: news-front.info

Ресей мен Украина Сыртқы істер министрлері Түркияда келіссөздер жүргізді. Кездесуде тараптар атысты тоқтату және гуманитарлық дәліздерді ашу мәселелерін талқылаған, деп жазады РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба тараптар әзірге атысты тоқтату туралы келісімге келе алмағанын мәлімдеген. Сондай-ақ, Кулеба келіссөздердің оңайға соқпағанын айтқан.

Ал Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украина шиеленісті реттеу бойынша ресейлік жобаны талқылауға алғанын, сол бойынша кері жауап берілетінін айтты.

ТАСС Telegram-каналының хабарлауынша, дегенмен Дмитрий Кулеба Киев Ресей қойған талаптарды орындауға ниетті емес екенін мәлімдеген.

Келіссөздер нәтижесі бойынша Лавров пен Кулеба жеке-жеке баспасөз конференцияларын өткізеді.

Басылымның жазуынша, министрлердің келіссөзі Анталиядағы дипломатиялық форум аясында өткен. Келіссөздерге Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу да қатысқан.

Еске сала кетсек, бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский келіссөздер үстеліне отырып, Ресей мен Украина арасындағы соғыстың аяқталуын талқылауға дайын екенін мәлімдеген болатын.

Сонымен қатар, Қазақстан Украинаға жалпы құны 2 251 445 АҚШ доллары болатын 25 түрлі медициналық дәрі-дәрмек жіберу туралы шешім қабылдағанын жазған едік. Гуманитарлық көмектің салмағы 82 тоннаны құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1960103-resei-men-ukrainanyn-syrtqy-ister-ministrleri-turkiyada-kezdesti/

jitsu gif